Беларусь Қазақстан тәжірибесіне зер салды
× Reading mode
23.03.2016

ege

http://egemen.kz/2016/02/19/25117

Беларусь республикасы Президенті жанындағы академияда Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау туралы дәріс оқыды.
Ә. Байменов Қазақстан мемле¬кеттік қызмет саласында өткен реформалардың басты кезеңдеріне тоқтала отырып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясында осы салада жүзеге асып жатқан шара¬лармен таныстырды. Ол мемле¬кеттің дамуына серпін беретін, оның ішінде мемлекеттік қызметте лайықты мамандардың іріктелуіне, олардың меритократия қағидатына сай ілгерілуіне жол ашатын бас¬қа¬рушылық шешімдердің маңыз¬дылығын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару саласындағы менеджмент және әкімшілік рәсімдер мәсе¬ле¬лері қаралды.
Академия тыңдаушылары Қа¬зақ¬стандағы мемлекеттік қыз¬мет¬керлерді іріктеу механизм-дері, мемлекеттік аппаратта сы¬байлас жемқорлыққа қарсы сая¬сатты қолдану, сыбайлас жем¬қорлық әрекеттердің алдын алу бойынша уәкіл институтын енгізу бастамаларына қызы¬ғу¬шылық танытты.
Беларусь Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйым¬дастырған сапар барысында Әли¬хан Байменов БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Санака Самарасинхамен кездесті. Сонымен бірге Беларусь Республикасының бірқатар мем¬лекеттік орындарының жетек¬ші¬лерімен кездесу өткізіліп, олар Қазақстанның мемлекеттік қыз¬мет саласындағы тәжірибесіне айрық¬ша қызығушылық танытып, мемле¬кеттің осы саладағы табысы мен өңірлік хабтың білім мен тәжі¬рибе алмасудың халықаралық тұғыр¬намасы ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.
Қазіргі таңда Астана хабына Экономикалық ынты¬мақтастық және даму ұйы¬мы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамти¬тын 32 қатысушы мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кіреді. Астанадағы Мемлекеттік қыз¬мет саласындағы өңірлік хаб аймақ¬тағы елдер мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін институттық негіз ретінде құрылған.

Руслан ИГІЛІК.

×