Д.Кош: Жемқорлыққа тосқауыл қоятын жеке органның болғаны дұрыс
Қазақстанға шетелдік менеджерлерді жұмысқа тартқанда белгілі бір мемлекеттік қызметке, яғни мекемелерді не бөлімдерді басқаруға тағайындамай, тек кеңесші, сарапшы ретінде қалдырған дұрыс. Бүгін телеарнамызға эксклюзивті сұхбат берген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Драго Кош осылай деді.
Себебі сырттан келген маман елдің ішкі жүйесін жете білмейді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою үшін құрылатын арнайы мамандандырылған институт тәуелсіз, яғни мемлекеттік органдардан дербес болуы тиіс. Қазақстандық мамандардың жоғары біліктілігін ерекше атап өткен халықаралық сарапшы Драго Кош жемқорлықты жою жөніндегі тәжірибесімен бөліспек. Сапары аясында Мемлекеттік істер жөніндегі министрлік қызметкерлеріне дәріс беретін болады.
Драго Кош, ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобының төрағасы:
Жемқорлықпен күресудің идеалды жолы бар деу қиын. Әр елде жағдай әртүрлі. Парақорлықты жоюға біріншіден, саяси ерік-жігер, екіншіден, кәсіби мемлекеттік аппарат қажет. Үшіншіден, жемқорлықпен күресетін мемлекеттік мекемеге қатысы жоқ жеке органның болғаны дұрыс. Мемлекет, жеке сектор, азаматтық қоғам барлығы күш біріктірсе ғана бұл кеселге тосқауыл қоюға болады.
http://egemen.kz/2016/02/05/22307
Жемқорлықпен күресте жеңіл шешім болмайды
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобы төрағасы Драго Кошпен кездесіп, ортақ мәселе төңірегінде өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында транзиттік қоғамдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, басқарушылық шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жеморлықтың алдын алудың институционалды аспектілері, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру, оның ішінде, заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, транспарентті, есеп беретін мемлекетті дамыту бойынша мемлекеттік органдар ұмтылыстарына қолдау көрсету мақсатында әрі қарай ынтымақтасу жолдары сөз болды. Кош мырза өз сөзінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Осы сапар барысында Драго Кош Мемлекеттік қызмет істер министрі Талғат Донақовпен, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсіловпен және Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжановпен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және мемлекеттік басқару саласындағы белгілі халықаралық сарапшының Қазақстанға сапарын Астанадағы өңірлік хаб ұйымдастырды.
Драго Кош 2014 жылдан бері ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобын басқарып келеді. Ол оған дейін Словениядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссиясының сайланған алғашқы президенті қызметін атқарған. Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕК) төрағасы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықпен күрес бойынша Еуропа желісінің вице-төрағасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Еуропа кеңесі мамандар тобының мүшесі болған.
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб аймақтағы елдер мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін институттық негіз ретінде құрылған. Бастапқыда 25 қатысушы елден құралған Астана хабына қазір Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын 32 қатысушы мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кіреді.
Руслан ИГІЛІК.
ЭЫДҰ өкілі жемқорлықпен күрестегі үздік тәжірибесімен бөліспек
Астана. 2 ақпан. Baq.kz – Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобы төрағасы Драго Кошпен пікір алмасты.
Кездесу барысында транзиттік қоғамдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, басқарушылық шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жеморлықтың алдын алудың институционалды аспектілері, Ұлт Жоспары – “100 нақты қадамды” жүзеге асыру, оның ішінде, заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, транспарентті, есеп беретін мемлекетті дамыту бойынша мемлекеттік органдар ұмтылыстарына қолдау көрсету мақсатында әрі қарай ынтымақтасу жолдары талқыланды. Кош мырза мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Осы сапар барысында Драго Кош ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрі Талғат Донақовпен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Ректоры Болатбек Әбдірәсіловпен және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдар Академиясының Ректоры Ұлан Байжановпен кездесу өткізеді жоспарланған.
Оған қоса ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында семинарлар мен лекциялар өткізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және мемлекеттік басқару саласындағы белгілі халықаралық сарапшының Қазақстанға сапарын Астанадағы Өңірлік хаб ұйымдастырған.
Драго Кош 2014 жылдан бастап ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобын басқарады. Ол оған дейін Словениядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Комиссиясының сайланған алғашқы президенті қызметін атқарған. Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕК) төрағасы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықпен күрес бойынша Еуропалық желісінің вице-төрағасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Еуропалық Кеңес мамандар тобының мүшесі болған.
Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аймақтағы елдер мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін институционалды негіз ретінде құрылған. Бастапқыда 25 қатысушы елден тұрған Астаналық хабқа қазір Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын 32 қатысушы мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кіреді.