News
ЭЫДҰ мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабпен әріптестігін нығайтуда
× Reading mode
04.04.2016

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірілік хаб пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасында ынтымақтастық туралы ресми хат алмасу рәсімі өтті. Ұйымдар «Кәсіби мемлекеттік қызмет тұрақты даму мақсатында: ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарын Хабтың экономикасы қалыптасу үстіндегі  қатысушы-елдер арасында пайдалануға қолдау көрсету» атты семинар ұйымдастырды.

Рәсімнің соңында ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және өңірлік даму мәселелері бойынша директоры Рольф Альтер мен мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов ЭЫДҰ мүше мемлекеттер тәжірибесінің Хаб қатысушы елдерінің мемлекеттік қызметін жетілдірудегі маңызын атап өтті.

Бірлескен семинар барысында Хабқа мүше елдердің уәкілетті орган өкілдері ЭЫДҰ мемлекеттік қызмет саласындағы кеңестері, талаптары және қағидаттарымен танысты.

Ұйымның мемлекеттік қызмет және басқару саласындағы тәсілдерімен ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және өңірлік даму мәселелері бойынша директорат бөлім Жетекшісі Эдвин Лау мен Жоба менеджері  Дэниел Герсон таныстырды. Францияның мемлекеттік қызмет министрілігінің HR мекемеаралық саясатты үйлестіру бойынша директоры Орынбасары Кэролайн Крыквински және Польша премьер-министрі Кеңесшісі Кшиштоф Банас ЭЫДҰ тәжірибесін тілге тиек ете отырып, тұрақты мемлекеттік қызмет қалыптастыру мәселелерін қозғады. Мемлекеттік қызметтің рөлі мен аймақ елдеріндегі негізгі реформалар жөніндегі пікірталасқа Грузияның мемлекеттік қызмет бойынша бюро Директоры Екатерина Кардава мен Украинаның мемлекеттік қызмет бойынша ұлттық агенттік Басшысы Костянтин Ващенко қатысты.     

Осы күнгі шаралар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов пен Мемлекеттік басару бойынша америкалық қоғам (ASPA) Атқарушы директоры  Уильям Шилдс өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. ASPA мемлекеттік басқару саласындағы ең ірі әрі танымал америкалық кәсіби қауымдастық саналады.

Анықтама үшін: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) – дамыған 34 елді біріктіреді және мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабтың құрылтайшыларының және негізгі серіктестерінің бірі.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

×