News
Астана хабының жыл сайынғы конференциясында мемлекеттік басқарудағы құндылықтар, сенім және технологиялар талқыланды
× Reading mode
14.06.2019

2019 жылы 13-14 маусымда Нұр-сұлтан қаласында «Мемлекеттік сектордағы құндылықтар, сенім және технологиялар» тақырыбында Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясы өтті.

Конференцияға әлемнің 30 елінен келген шетелдік сарапшылар, мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция қатысушыларына Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің Төрағасы Алихан Байменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш өз ыстық лебіздерін білдірді.

Арнайы қонақ ретінде БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары - БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ларби Джакта мырза сөз сөйледі.

Панельдік сессияда «Whiteshield Partners» директоры Фади Фарра, мемлекеттік сектор реформаларына тұтас көзқарас тақырыбына, «Мемлекеттік басқарудың Азия қауымдастығының» Президенті Алекс Брияантес мемлекеттік сектордағы реформаның көшбасшылығы, құндылықтар және сенім, Нил Райхенберг, Мемлекеттік секторда адами ресурстарды басқару халықаралық қауымдастығының атқарушы директоры мемлекеттік секторда персоналды басқарудың қазіргі замандағы үрдістері бойынша баяндама жасады.

Конференция жұмысына сондай-ақ Саясат Нұрбек, «BTSDigital» білім беру жобаларының жетекшісі, Даниэл Крюсбергс, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Персоналды басқару директоры, Асылбек Қожахметов, Алматы Басқару Университетінің Президенті, Войцех Зелински, ЭЫДҰ мемлекеттік басқару саясаты мәселелері жөніндегі Аға кеңесшісі және Кепинг Яо, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі сарапшысы қатысты.

Конференция сессиясының бірі мемлекеттік сектордағы гендерлік теңдік мәселелеріне арналды.

Конференция аясында «Этика, Адалдық және Парақорлық» тақырыбынды арнайы сессия өткізілді. Негізгі спикер ретінде, ЭЫДҰ-ның парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының Жетекшісі, Драго Кош сөз сөйледі.

Конференция барысында ЭЫДҰ Хатшылығында енгізілген тиімді институттар платформасының (EIP) әдістемесіне негізделген практиктердің үшінші Альянсы құрылды. Грузия, Армения, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның қатысуымен құрылған Альянс мемлекеттік басқарудағы трансформацияға және инновацияларға арналған. Практиктердің альянсы «тең теңімен» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

×