Бангкокта мемлекеттік қызметшілер мотивациясы мен өтемақы мәселелері талқыланды
× Reading mode
11.02.2016

Give feedback

Бангкокта Өңірлік хаб Таиланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет жөніндегі комиссиясымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметшілер мотивациясы мен өтемақысы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметшілер және Өңірлік хабтың қатысушы елдерінің өкілетті органдарының, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Украина, Моңғолия мен бірқатар ASEAN елдері сарапшылары қатысты. Таиланд Корольдігінің премьер министрінің орынбасары Виссану Креангам мен Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің Төрағасы Алихан Байменов жиынға қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, комитет төрағасы «мемлекеттік қызметтің мотивациялы кадрлық құрамы мемлекеттік қызметті жетілдірудегі шешуші компонент» екенін атап өтті. Сонымен қатар, Алихан Байменов Индонезияның мемлекеттік қызмет жөніндегі Ұлттық агенттігі төрағасы Бима Хария Висанмен кездесіп, онда Индонезия мен  Өңірлік хабтың әрі қарайғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиын барысында дамушы елдер мысалында мемлекеттік қызметкерлер мотивациясының негізгі факторлары, мемлекеттік қызметкерлер арасында мотивацияны көтерудің инновациялық әдістері мен тәсілдері қарастырылды. Конференцияға қатысушылар Өңірлік хабтың БҰҰ Даму Бағдарламасы Ғаламдық орталығымен бірге Пәкістан мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер мотивациясы бойынша өкізетін зерттеулер мәселелерін қарастырды. Оған қоса Хабтың басқа қатысушы елдерінде конференциялар, семинарлар өткізу және зерттеуді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды. Таиланд – Өңірлік хабтың жаңа қатысушы елдерінің бірі, осы дөңгелек үстелді өткізудің бастамашысы болып, өзін белсенді қатысушы ретінде білдірді. Қазіргі таңда Өңірлік хабтың қатысушылары 32 қатысушы елдер, оған қоса ЭЫДҰ, ТМД, Орта Азия және ASEAN мемлекеттері болып табылады.

×