Register on this event
Мемлекеттік басқару саласының жетекші халықаралық сарапшылары, аймақ елдері мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен университеттердің өкілдері Астана Мемлекеттік қызмет хабының “Марапат және құрмет: ХХІ ғасырда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру” атты панельдік сессиясына жиналды. Сессия Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында өтті.
Панельдік сессияны Астана Мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму Бағдарламасы Әкімшісінің көмекшісі, Еуропа мен ТМД үшін Өңірлік бюро директоры Мирьяна Сполярич Эггер, Назарбаев Университетіпрезиденті Шигео Катсу және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары – Айгүл Шаимоваашты.
Алихан Байменов өз сөзінде: «Адамзаттың ортақ өзекті мәселерін шешуде мемлекеттік басқару сапасы ерекше рөл атқарады. Ол тек мемлекеттік қызметшілердің білімі және білігімен ғана емес, ынта-жігерімен де анықталады», – деп атап өтті.
М. Сполярич Эггер: “Даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер мотивациясы мәселелерін талқылауда мәдени, институционалдық және ұйымдастырушылық факторларды ескеруіміз керек” – деді.
Панельдік сессияның басты спикері ретінде америкалық зерттеуші, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясы негізін қалаушылардың бірі, АҚШ-тың Индиана Блумингтон Университетінің профессоры Джеймс Л. Перри өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, ынталандыру жүйесін даярлау кезінде осы саладағы ғылыми зерттеулер нәтижесін ескерген жөн. Ондағы шешуші факторлар – институттар, мотивация және адами ресурстар үйлесімділігі.
Жиын барысында он бестен астам елдің, соның ішінде Грузия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Черногорияның уәкілетті органдар басшылары мен өкілдері мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау, тиімділігін бағалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
“Халыққа сапалы қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметкерлер ынталы болған жағдайда ғана үкіметтердің тиімділігі артады”, – деп есептейді Грузия Мемлекеттік қызмет бюросының директоры Екатерина Кардава.
Сондай-ақ, сессияда “Мемлекеттік сектордағы еңбекақы төлеу жүйесін салыстырмалы талдау” тақырыбында Хабтың зерттеуі таныстырылды. Онда жаңа сыйақы жүйесін әзірлеуге негіз бола алатын зерттеудің алғашқы нәтижелері ұсынылған.
Қазіргі уақытта Астана Мемлекеттік қызмет хабына 41 ел қатысушы, соның ішінде ЭЫДҰ, ТМД, Кавказ, Орталық Азия және АСЕАН елдері бар.