News
Астанадағы Өңірлік хаб Корея Республикамен ынтымақтастығын нығайтуда
× Reading mode
19.02.2016

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов Қазақстандағы Корея Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Енгчонмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде Кореяның тиісті мемлекеттік құрылымдары мен білім беру бағдарламаларымен өзара жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Кездесу барысында комитет жетекшісі Хаб қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, ұйымға  ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия мен ASEAN елдерін қоса алғанда Хабқа 32 қатысушы ел мүше  екенін атап өтті. Корея Республикасы - Хабтың құрылтайшысы және белсенді мүшелерінің бірі. Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аймақтағы елдердің мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін институционалды негіз ретінде құрылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

×