Подписка

Новости

04.04.2016

Астанада отыздан астам ел өкілдері мемлекеттік қызметті жетілдірудегі әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы әріптестік» атты конференциясы өтті. Жиынды Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитеті Төрағасы Алихан Байменов, БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрі Талғат Донақов және ЕО Қазақстандағы өкілдігінің Басшысы Траян Христеа алғы сөзімен ашты.  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы...
04.04.2016

ЭЫДҰ мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабпен әріптестігін нығайтуда

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірілік хаб пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арасында ынтымақтастық туралы ресми хат алмасу рәсімі өтті. Ұйымдар «Кәсіби мемлекеттік қызмет тұрақты даму мақсатында: ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарын Хабтың экономикасы қалыптасу үстіндегі  қатысушы-елдер арасында пайдалануға қолдау көрсету» атты семинар ұйымдастырды. Рәсімнің соңында ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және өңірлік даму мәселелері бойынша директоры Рольф Альтер мен мемлекетті...
04.04.2016

Астана мемлекеттік қызмет саласындағы хабы Африкадан Латын Америкасына дейін кеңеймек

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Африкадан Латын Америкасына дейін кеңеймек. Бұл туралы бүгін Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов  мәлім етті. «Біз біздер үшін жаңа өңірлер, атап айтқанда, Африка мен Латын Америкасы тарабынан ынтымақтастыққа мүдделікті байқап отырмыз. Маусым айында мұндай шараның бірін Аддис-Абебада өткізу жоспарланған», –  деді ол хабтың «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы әріптестік...
04.04.2016

«ASPA» Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты дамытуға жәрдем бермек

Американдық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Біз рәсімдеген меморандумда ұйымымыздың Астана хабына қалай жәрдем көрсететіндігін нақты қадамдары жазылған. Бұл ынтымақтастықтан Астана хабы ғана емес, сонымен бірге 7 мың мүшесі бар біздің қоғам да өте қажетті дүниелерді алады деп санаймыз», – деді ASPA-ның атқарушы директоры Уильям Шилдс. Өз кезегінде Астанадағы мемл...
22.02.2016

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменовтің ресми кездесуі өтті. Байжанов атап көрсеткендей, Құқық қорғау органдарының академиясын құру күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы...
19.02.2016

Астанадағы Өңірлік хаб Корея Республикамен ынтымақтастығын нығайтуда

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов Қазақстандағы Корея Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Енгчонмен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде Кореяның тиісті мемлекеттік құрылымдары мен білім беру бағдарламаларымен өзара жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Кездесу барысында комитет жетекшісі Хаб қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, ұйымға  ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия ...
15.02.2016

Қытай Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесіп, мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Кездесуде комитет басшысы қонақты Хаб қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, қазіргі уақытта ұйым ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын 32 қатысушы-елден тұратынын атап өтті. Ұйымның географиялық жағынан кеңеюі қатысушы-мемлекеттер ынтымақт...
×