Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменовтің ресми кездесуі өтті. Байжанов атап көрсеткендей, Құқық қорғау органдарының академиясын құру күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады. Байменов алда тұрған ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келіп, күш-жігерді біріктіру құқық қорғау жүйесі өкілдерін кәсіби даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар кешенді ғылыми қызметті жүргізуге көмектесетініне сенім білдірді. Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға және құқық қорғау қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулер жүргізуге үйлестірілген күштерін бағыттайтын болады.
Leave a Reply