Франция мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен ынтымақтастықты нығайтуда
× Reading mode
26.03.2016

baq

https://baq.kz/kk/news/terezemiz-ten/frantsiya-memlekettik-kizmet-salasindagi-onirlik-habpen-intimaktastikti-nigaitud-78601

Франция мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен ынтымақтастықты нығайтуда

Астана. 27 қаңтар. Baq.kz – Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьенмен кездесті.

Комитет төрағасы хаб қызметінің негізгі бағыттарымен қонақты таныстыра отырып, өңірлік хаб Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын, жалпы саны 32 қатысушы-елден тұратынын атап өтті. Ұйымның георграфиялық ауқымының кеңеюі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалар қажеттігінің артып отырғанын айғақтайды.

Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастардың әрі қарай даму мәселелерін талқылай отырып, Франция елшісінің хабтың құрылғанына үш жыл толуына орай ұйымдастырылатын халықаралық конференцияға қатысуын қарастырды.

Өз кезегінде Франсис Этьен мырза кездесудің ұйымдастырылғанына алғысын білдіре отырып, Өңірлік хаб пен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Астанадағы мемлекеттік қызмет бойынша Өңірлік хаб аймақ елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасудың институционалды негізі ретінде құрылған. Астана Сингапурмен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибенің, аймақтың өкілетті органдары үшін бірлесе жұмыс істеудің орталығына айналуда. Алғаш құрылған кезде Францияны қоса алғанда, 25 қатысушы мемлекеттен құрылған Астана хабына тағы да 7 ел мен 5 халықаралық ұйым қосылған.

×