Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Африкадан Латын Америкасына дейін кеңеймек. Бұл туралы бүгін Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мәлім етті.
«Біз біздер үшін жаңа өңірлер, атап айтқанда, Африка мен Латын Америкасы тарабынан ынтымақтастыққа мүдделікті байқап отырмыз. Маусым айында мұндай шараның бірін Аддис-Абебада өткізу жоспарланған», - деді ол хабтың «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы әріптестік» атты жыл сайынғы конференциясы барысында.
Сонымен қатар ол қазіргі уақытта өңірлік хабқа 32 ел кіретіндігін атап өтті. Хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сингапурлық орталығымен бірлескен жұмыстар жүргізіп жатқандығын да айтты. Мұнан бөлек, хаб Америкалық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғам, Азиялық мемлекеттік басқару жөніндегі қауымдастық, UNPAN жаһандық желісі сынды кәсіби өңірлік қауымдастықтармен және мемлекеттік басқару саласындағы жетекші университеттермен ынтымақтастықты жолға қойған.
Leave a Reply